Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

2018 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу жасау

Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының жұмыс жағдайы туралы шолу 2018 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

2018 жылы Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (бұдан әрі-Басқарма) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерінің 1174 өтініші келіп түсті, бұл 2017 жылға қарағанда 36% -ға артық  (865). Жеке тұлғалар өтініштерінің жалпы саны – 1139 (2017 ж. – 723), заңды тұлғалар – 35 (2017 ж. – 58). Өтініштердің түрлері бойынша барлығы: арыз – 1115 (2017 ж. – 781); шағым – 38 (2017 ж. – 62); басқалар – 21 (2017 ж. – 22). Бұл ретте электрондық ресурстар (электрондық үкімет порталы) арқылы түскен өтініштер саны – 11.

Өтініштердің негізгі бөлігі, жалақы алуға байланысты (жалақы бойынша берешектер -567), еңбек заңнамасының бұзылуы – 229 және еңбек пен халықты жұмыспен қамтудың жалпы мәселелері, әлеуметтік қамсыздандыру – 289. Оларды қарау нәтижелері бойынша 142 өтініш қанағаттандырылды, 471 – түсініктемелер берілді, 86 өтініш тиісті мекемеге  жолданды.

Ең көп өтініштер Бөрлі, Жаңақала және Тасқала аудандарынан келіп түседі.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2018 жылы 52 өтініш (90 – 2017 ж.) қайталанған өтініштер санының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Оларды қарау нәтижелері бойынша 6 өтініш қанағаттандырылды, 32- түсініктеме берілді, 14 өтініш  тоқтатылды. Талдау көрсеткендей, олардың түсуі мынадай негізгі себептерге байланысты: адресаттардың пошта арқылы жіберілген жауаптарды уақтылы алмауы және т. б. Шағымдарды зерделеу нәтижелері бойынша өтініш берушілердің қайталанған өтініштерінде жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілмегені анықталды, осыған байланысты көрсетілген өтініштер қараусыз қалдырылды, бұл туралы заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш берушілерге тиісті жауаптар берумен хабарландырылды.

Бекітілген кестеге сәйкес 34 жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау ұйымдастырылды, оның ішінде 19 – басқарма басшысы, 15 – басқарма орынбасары қабылдады.

Басқарма жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі «шағымдар мен өтініштерді қарау мерзімдерін сақтау» және «негізделген шағымдар мен өтініштерді қайта қарау» болып табылады. Осы мәселе бойынша Басқармаға жіберілген нұсқаулар мен нақты тапсырмалар бойынша бірнеше рет жедел кеңестер өткізілді.

Азаматтарды қабылдауда тиісті ұйымдастыру азаматтардың өтініштерін қарау кезінде толық, жан-жақты және объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында:

1. Жеке құраммен жедел кеңесте осы шолуды қарастыру, 2019 жыл ішінде қаралған азаматтардың өтініштеріне мұқият талдау жүргізу;

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты және сапалы қарауды қамтамасыз ету, қайталама және ұжымдық шағымдарды тудыратын, сондай-ақ азаматтардың жергілікті жерлерде шешілуі мүмкін және шешілуі тиіс мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға жүгінуге мәжбүр ететін себептерді жоюға ерекше назар аудару;

3. Азаматтардың қайта жүгінуінің әрбір фактісі бойынша нақты шаралар қабылдай отырып, мұқият тексерулер ұйымдастыру;

4. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың өтініштерінің санын қысқарту мақсатында тұрғындар арасында мәселе тудырған сұрақтар бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

5. ЭҚАБЖ «азаматтардың өтініштері» деректер базасын уақтылы және сапалы қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасымен ай сайын салыстырып тексеру жүргізу жөнінде шаралар қабылдау қажет.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8