Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді

Жаңалықтар айдарында

рисунок

Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды. 

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат  бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

Мұндай SMS алу үшін азамат «Мобильді азаматтар» базасында тіркелуі тиіс. Тіркеуді әр азамат өзі жүргізе алады (egov.kz  порталындағы  «Жеке кабинетке» кіріп, «телефон» бағанында өз телефонының нөмірін көрсету немесе өзгерту  қажет және оны  өзінің ЭЦҚ-мен   растауы керек) немесе ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жүгінсе болады (қызмет тегін көрсетіледі және 5 минут уақытыңызды алады).

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8