Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібі

Басқармада азаматтардың өтініштерін қарау және  қабылдау тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңына  сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма басшысы мен оның орынбасары,  бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды жеке қабылдайды.  Азаматтарды қабылдау белгіленген күндер мен сағаттарда жүргізіледі.
Егер өтініш немесе шағым Басқарма басшылығы қабылдаған кезде шешімін таппаса, оларды жазбаша түрде тапсыруға болады, және онымен жазбаша өтiнiш ретiнде жұмыс жүргiзiледi.
Басқармада жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыруға және олардың өтініштерінің қаралуын қамтамасыз етуге жауапты Қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – Өтемісова Шолпан Нұрбайқызы.

 

Телефон: 24-23-75

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8