Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының 2019-2021 жылға арналған бюджеттік бағдарламасы

Бюджеттік  бағдарламаларды  (кіші бағдарламаларды)  әзірлеу және

бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына

қойылатын талаптардың  2-қосымшасы

нысан

 

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі басшысының  

2019 жылғы  «10»  қантардағы

№ 5-нқ бұйрығымен бекітілді

 

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
270 «Облыстың еңбек инспекциясы бойынша басқармасы»
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы
2019-2021жылдарға арналған

 

Бюджеттiк бағдарламаның  коды және атауы: 001 «Жергілікті деңгейде еңбек қатынасын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: А.Ж. Айтуев – басқарма басшысы

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 32, 54 баптары, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және  өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»  2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 шешімі.

Бюджеттік бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай облыстық

мазмұнына қарай  мемлекеттік  функцияларды, өкілеттіктерді  жүзеге  асыру  және  олардантуындайтын мемлекеттік  қызметтерді көрсету

іске асыру түріне қарай жеке

ағымдағы/даму ағымдағы

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқармаға жүктелген функцияларды тиімді, максималды атқару үшін мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз ету;

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының аппаратын ұстау.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының аппаратын ұстау,  Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру, басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу.

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар Өлшем бірлігі Есепті жыл Ағымдағы жыл жоспары Жоспарлы кезең
2017 2018 2019 2020 2021
001 «Жергілікті деңгейде еңбек қатынасын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» мың теңге 54732,9 53810 87800 52817 53238
Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар мың теңге 54732,9 53810 87800 52817 53238

 

Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: 011  «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»

Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты мемлекеттік  функцияларды, өкілеттіктерді  жүзеге  асыру  және  олардан туындайтын мемлекеттік  қызметтерді көрсету

ағымдағы/даму ағымдағы

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жалақысының көтеруге

 

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі Есепті жыл Ағымдағы жыл жоспары Жоспарлы кезең
2017 2018 2019 2020 2021
Басқарманың техникалық персоналының штаттық саны бірлік 13,77

 

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі Есепті жыл Ағымдағы жыл жоспары Жоспарлы кезең
2017 2018 2019 2020 2021
Ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мың теңге 2664,0
Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар       2664,0    

 

Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы:  015  «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»

Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты мемлекеттік  функцияларды, өкілеттіктерді  жүзеге  асыру  және  олардан туындайтын мемлекеттік  қызметтерді көрсету

ағымдағы/даму   ағымдағы

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):  мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды тиімді іске асыру; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері Өлшем бірлігі Есепті жыл Ағымдағы жыл жоспары Жоспарлы кезең
2017 2018 2019 2020 2021
Жүктелген функцияларды орындауға арналған штаттық құрамы бірлік 30,77 30,77 30,77 30,77 30,77

 

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар Өлшем бірлігі Есепті жыл Ағымдағы жыл жоспары Жоспарлы кезең
2017 2018 2019 2020 2021
015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» мың теңге 54732,9 53810 85136 52817 53238
Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар   54732,9 53810 85136 52817 53238

 

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8