Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Банкроттың мүлікін электрондық аукцион арқылы сатуға қатысты

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті хабарлайды, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабына сәйкес әкімші банкроттық мүлікті сату жоспары немесе тікелей сату әдісіне сәйкес электрондық аукцион арқылы сатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен бекітілген борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі электрондық аукцион ұйымдастырушысын жүргізу және анықтау Ережесінің  2-тармағының 10) тармақшасымен борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға кірудің бірыңғай орны www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген.

Банкроттың мүліктерінің тізілімін көру үшін сізге «Сауда-саттықтары түрі» қойындысында «Аукцион» – «Борышкердiң (банкроттың) мүлкiн сату жөнiнде аукцион» таңдау қажет.

Бұдан басқа, www.gosreestr.kz сайтының пайдаланушыларына сату объектілерінің атауы, аймағы, сипаты, сауда-саттықтың басталу күні мен уақыты бойынша таңдау мүмкіндігі ұсынылған.

Электрондық аукционға қатысу үшін сіз www.gosreestr.kz сайтында тіркелуіңіз керек екеніне назарыңызды аударамыз.


  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8