Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Барлық жұмысшылар мен жұмыс берушілерге ақпарат!!!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Дүйсенова Тамара Қасымқызының тапсырмасына сәйкес «ХҚЭДО–Қазақстан» (Халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы — Қазақстан)  ЖШС цифрлық баспасы қазақ және орыс тілдеріндегі бірден-бір басылым — «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме» кітабын шығарды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексіне баптар бойынша практикалық бұл түсініктеме  – «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС цифрлық баспасы шығарған екінші кітап (бірінші кітап  – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-ІІІ Еңбек кодексіне баптар бойыеша практикалық түсіндірме 2008 жылы шығарылған болатын).

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бас директоры, техника ғылымдарының докторы, академик, профессор Бисақаев Серікқали Ғұмарұлының   басшылығымен Түсініктеме жасау жұмысына еңбек қатынастарының әртүрлі салаларының өз саласында үлкен жұмыс тәжірибелері бар жетекші мамандары, ғылым докторлары мен кандидаттары, іс-тәжірибемен айналысушы заңгерлер мен адвокаттар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК мамандары қатысты, олардың түсіндірудері мен түсініктемелері еңбек заңнамасы нормаларының дұрыс қолданылуына септігін тигізетін болады.

Баптар бойынша практикалық түсініктеме Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ еңбек қатынастары, еңбекке ақы төлеу мен нормалау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге 2016 жылдың 29 сәуіріне дейін енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, дайындалды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен мақұлданды.


 

 

 «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС

050009, Алматы қ., Шевченко көш.,

Радостовец көш.бұрышы, 165 б/72 г, 712 кеңсе.

тел.: +7(727)323-62-29, 323-62-12, 13

E-mail: info@mcfr.kz, mcfr@mcfr.kz

Сайт: www.mcfr.kz

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8