Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өткізілді

Жаңалықтар айдарында

рисунок

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары Б.Т.Қонысбаеваның төрағалығымен, әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының туындау қатері бойынша жүргізіліп отырған мониторингпен қамтылған, сондай-ақ, банкроттық, оңалту рәсімдері жүргізіліп отырған кәсіпорындарындағы жалақы берешегінің өтелуі туралы, жалақы өндіру бойынша сот актілерінің орындалуы туралы және жұмыс берушілермен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудару мәселелері бойынша дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өткізілді.

Осы отырысқа дағдарысқа қарсы штабтың мүшелері мен конкурстық басқарушылар шақырылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша конкурстық басқарушыларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға, банкроттық рәсімдерінің уақтылы жүргізілуін, жалақы берешегінің тез арада өтелуін және мемлекеттік органдарға заңнама аясында қарастырылған барлық шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету тапсырылды.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8