Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Дағдарысқа қарсы штабтың құрамы

2015 жылғы «27» қаңтардағы №29

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілді

 

Дағдарысқа қарсы штабтың құрамы

Көлгінов

Алтай Сейдірұлы

Батыс Қазақстан облысының әкімі, штаб төрағасы
Өтеғұлов

Арман Кәрімұлы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, штаб төрағасының орынбасары
Батыров

Артур Жұмагелдіұлы

Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасы ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысы, штаб хатшысы
Штабтың мүшелері  
Найманов

Тәжіден Жүкенұлы

Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Аблазимов

Махсудхан Нұғманұлы

Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Куставлетов

Хамидулла Мұхитұлы

Батыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының м.а. (келісім бойынша)
Абжаппаров

Алмас Әбдумүтәліпұлы

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (келісім бойынша)
Айтуев

Азамат Жұмабайұлы

Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы
Каиршин

Нұрлан Серікұлы

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры (келісім бойынша)
Ғалиметденова

Дина Ерсеитқызы

«Батыс Энергоресурсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Качало

Станислав Павлович

«КазАрмапром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)
Кенжеғұлов

Мұхаметжан Айсобайұлы

«Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Михно

Валентина Павловна

«СКФ Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Салиева

Әлия Өтемісқызы

«Ақжол» заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығының директорлар кеңесінің төрайымы (келісім бойынша)
Рубцов

Аркадий Анатольевич

«Стекло-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Саматов

Жандос Нұрланұлы

БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы

(келісім бойынша)

Кожевников

Вячеслав Михайлович

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы филиалының директоры

 

2015 жылғы «27» қаңтардағы №29

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілді

 

Дағдарысқа қарсы штабтың ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

1. Дағдарысқа қарсы штаб (бұдан әрі – Штаб) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

2. Штаб қызметінің мақсаты жалақының уақтылы төленуі, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудару бөлігіндегі еңбек және салық заңнамасының нормаларын жұмыс берушінің сақтауы мәселелерін шұғыл қарау болып табылады.

3. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

  1. Штабтың міндеттері

4. Штабтың міндеттері мыналар:

1) әлеуметтік шиеленісушілікке жол бермеу, жұмыскерлерге жалақының төленбеуіне, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен байланысты проблемалық мәселелерді анықтау, болжау және шешу;

2) Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің, Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің және Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының жалақы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жұмыс берушілердің берешекке жол бермеу жөніндегі келісілген жұмысының ұйымдастырылуын және шұғыл өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету.

 

  1. Штабтың функциялары

 1. Штабтың функциялары:

1) Жұмыскерлер алдында жалақы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар кәсіпорындардың (жұмыс берушілердің) мониторингі мен есебі;

2) Мыналарды қамтамасыз етеді:

— жауапты мемлекеттік органдар арасында жалақы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша анықталған берешек фактілері және оларды өтеу жөнінде қабылданған шаралар туралы апта сайынғы салыстырып тексерулерді және шұғыл ақпарат бөлісуді үйлестіру;

— жергілікті еңбек инспекциясы органдарының жалақы бойынша берешегі бар жұмыс берушілерге берген актілерін (әкімшілік іс қозғау туралы ұйғарымдары мен қаулыларын) уақтылы орындау;

— жергілікті еңбек инспекциясы органдарының жалақыны уақтылы беруі жөніндегі орындалмаған ұйғарымдарын мәжбүрлеп орындату туралы материалдарды сот органдарына жіберу;

— жалақы бойынша берешекті өндіріп алуды көздейтін сот шығарған шешімдердің уақтылы орындалуы;

— банкрот болып танылған және оңалту рәсімі енгізілген борышкер кәсіпорындарға қатысты жалақы бойынша берешекті өтеуде оңалту және банкроттық басқарушылардың «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауы;

3) жалақының уақтылы төленбеуіне, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдардың уақтылы аударылмауына жол берген жұмыс берушілердің жауапкершілігін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қатаңдату жөнінде ұсынымдар беру;

4) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар жұмыс берушілер үшін оларды өтеу бойынша кестелерді жасау;

5) жауапты мемлекеттік органдардың және жалақы бойынша, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар жұмыс берушілердің  есептерін тыңдау;

6) жалақының уақтылы төленбеуі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдардың уақтылы аударылмауы бойынша қайталанған фактілері бар жұмыс берушілерге банкроттық рәсімді енгізуге бастамашылық ету;

7) жалақы бойынша берешекке жол берген жұмыс берушілерге жеңіл жағдайда несие, субсидия беруде шектеу енгізілуін қарау.

 

    1. Штабтың құқығы

1. Штаб белгіленген тәртіппен оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:

1) кәсіпорында жалақы бойынша берешек, еңбек дауларының мониторингі, 3-ТН есебі, өзге де мүдделі органдардың ақпараты нәтижелері бойынша жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудармауы анықталған кезде осы кәсіпорындарды тексеру туралы прокуратура органдарының, еңбек инспекциясы және мемлекеттік кірістер органдарының тексеруі туралы ұсыныс енгізуге;

2) қолданыстағы заңнамаға жұмыс берушілердің жалақыны уақтылы төлемегені, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін жауапкершілігін күшейту бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан оның құзыретіне жататын мәселелер жөнінде қажетті ақпарат сұратуға;

4) жүктелген міндеттерді орындауға қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

  1. Штабтың қызметін ұйымдастыру

 

7. Облыс әкімі Штабтың төрағасы болып табылады. Штабтың төрағасы оның қызметіне жетекшілік етеді, отырыстарда төрағалық етеді, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

8. Штабтың отырыстары қажеттілігіне қарай тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.

9. Штабтың шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Отырысқа келмеген штаб мүшелерінің орнына шақырылған тұлғалар дауыс беруге қатыспайды.

Дауыстар саны тең болған кезде штаб төрағасының немесе штаб отырысында төрағалық етуші адамның даусы шешуші дауыс болып есептеледі. Штаб мүшелері ерекше пікір ұстануға құқылы, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде беріліп, Штабтың шешіміне қосылады. 

10. Штабтың шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

11. Штаб отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауды және оны өткізген соң хаттаманы ресімдеуді «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

12. Штаб отырысының күн тәртібінде қаралатын мәселелер отырысқа дейін екі жұмыс күні бұрын Штабтың әрбір мүшесінің назарына ұсынылады.

 

  1. Штаб қызметін тоқтату

13. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы штаб қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8