Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының бұзылуы орын алуына және еңбек заңнамасы бойынша түсінік беру мәселесіне байланысты, 2018 жылы барлығы 995 арыз-шағымдар мен өтініштер тіркелді, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 960,  заңды тұлғалардан – 35.

Еңбек заңнамасының бұзылу фактілері бойынша келіп түскен арыз-шағымдар мен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың талаптарының негізінде 2018 жылы әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, барлығы 375 тексерулер жүргізілді, с.і. 356 жоспардан тыс, 2 ішінара және бару жолымен 17.

Жүргізілген тексерулердің барысында 377 заң бұзушылық анықталды, бұзушылықтарды жою мақсатында 240 ұйғарым берілді, 76 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартыл, жалпы сомасы 10,329 млн.теңгеге айыппұл салынды және 16 жұмыс беруші ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еңбек қатынастары бойынша – 301 заң бұзушылық. 192 нұсқама берілді, 72 жұмыс берушіге 9,728 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және 4 жұмыс беруші ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жағдайда әлеуметтік маңыздылығы бар заң бұзушулық – қызметкерлерге жалақыны уақытылы және толық мөлшерде төлемеу фактілері.

Жалақы берешегі бойынша заң бұзушылықтарды жою мақсатында жұмыс берушілерге 80 нұсқама берілді, 62 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 8,814 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде, 2018 жылы 219 мекемеде 258,617 млн. теңге көлеміндегі жалақы берешектері өтеліп, 1006 қызметкердің құқықтары қорғалды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 59 заң бұзушылық. 31 нұсқама берілді, 4 жұмыс берушіге 0,601 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және 6 жұмыс беруші ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жіберілген заң бұзушылықтарға қатысты 85 қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Облыс бойынша 2018 жылы өндіріспен байланысты 52 жазатайым оқиға орын алды, оның ішінде 4 топтық.

Өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалардан 54 адам зардап шеккен:

  • 6 (соның ішінде 2 топтық) қаза тапқан;
  • 43 адам ауыр жарақат алған;
  • 5 адам топтық жазатайым оқиғалардан зардап шеккен.

Халықты жұмыспен қамту бойынша – 17 заң бұзушылық.

Заң бұзушылықтарды жою мақсатында жұмыс берушілерге 17 нұсқама берілді. 6 жуапты тұлға ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Еңбек шартын жасаңыз» атты республикалық акциясының аясында қазіргі таңда 2276 жалдамалы қызметкерлермен еңбек шарты жасасылды.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8