Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Еңбек қорғау және өнәркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» 9-шы Қазақстандық Халықаралық Конференциясы мен Көрмесі

Жаңалықтар айдарында

рисунок

2019 жылдың 23-24 мамырында Нұр – Сұлтан қаласындағы «Көрме» орталығында «KIOSH-2019» Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 9-ші Қазақстандық Халықаралық Конференциясы және Көрмесі өткен болатын.

Аталған  конференцияда «Қауіпсіздік мәдениетін дамыту және Vizion Zero әлемдік концепциясын енгізу» атты дөңгелек үстелінде Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Айтуев Азамат Жұмабайұлы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы проблемалық мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ KIOSH-2019 шеңберінде Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі «Сенім–2019» байқауының және «Ең үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» атағын беру жөніндегі республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды.

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Тұйғынбетов Арман Орашұлы Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасын сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» медалімен марапатталды.

рисунокрисунок

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8