Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • PRI_2834
  • PRI_2851
  • IMG_3730
  • IMG_3603
  • PRI_0485


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі бойынша мәжіліс-семинар өткізілді

Жаңалықтар айдарында

 

SAM_0105

Әлем жұртшылығы жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін 28 сәуір күні атап өтеді. Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде қызметкерлерге, өндірісте зардап шеккендерге құрмет көрсетіліп, еңбекті қорғау және еңбек мәдениеті бойынша үгіт-насихат шаралары белсенді түрде жүргізіледі.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 22 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановтың қатысуымен Орал трансформатор заводының базасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі бойынша семинар-мәжіліс өткізілді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі бойынша семинар-мәжіліске мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, кәсіподақ, кәсіпкерлер палатасы, сақтандыру компаниялары, оқыту орталықтары және БАҚ өкілдері, барлығы – 80 адам қатысты.



«Жәрдем» әлеуметтік автопойызы

Жаңалықтар айдарында

282

Үстіміздегі жылдың 14 ақпан мен 16 наурыз аралығында мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстық «Жәрдем» әлеуметтік автопойызының құрамында аудандар мен Орал қаласы шығып, жергілікті тұрғындармен кездесулері ұйымдастырылды.


2016 жылдың 13 ақпан күні облыстық «Жәрдем» әлеуметтік автопойызының ресми түрде Казталов ауданына бастау алуы оздырылып, үстіміздегі жылдың 14 ақпан күні әлеуметтік автопойыз құрамы Казталов ауданы тұрғындарымен кездесті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Теректі және 5 наурыз күні Зеленов аудандарында аталған бағыттағы кездесулер өткізіліп, тұрғындарға түрлі сұрақтар бойынша кеңестер берілді.

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Ақжайық ауданында және 16 наурыз күні автопойыздың құрамы Деркөл елді мекенінде тұрғындармен кездесуі ұйымдастырылды.



БҚО аумағында балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолдану туралы ақпарат

Жаңалықтар айдарында

Еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен тұрақты түрде балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мақсатында шаралар жүргізіліп келеді.

Осы орайда, 2015 жылдың 11 маусымында Бөрлі ауданы ішкі істер бөлімінен балалар еңбегіне қатысты 3 заң бұзушылық фактісі анықталғаны туралы хат келіп түсті.


 

Атап көрсетілген кемшіліктерге 3 шағын бизнес субъектісі («Бекетова О.Ж» ЖК, «Д.Р.Каржубаева» ЖК және «Авто-плюс» ЖК) жол берген. Аталмыш тұлғалар 2 жағдайда кәмелетке толмағандарды автокөлік жуушы ретінде, ал 1 жағдайда көше саудасында сатушы ретінде тартқан.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Тексеру барысында «Бекетов О.Ж.» ЖК 2015 жылдың 10 маусымында  2001 жылы туылған, кәмелетке толмаған азаматшаны еңбек шартын жасаусыз, ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімінсіз, алдын ала міндетті медициналық тексеруден өткізбестен квас сатушы ретінде жұмысқа тартқаны анықталды. Бұл жерде ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-тармағының 2-тармақшасы, 30-бабының 2-тармағы және 180-бабы бұзылған.

«Д.Р.Каржубаева» ЖК және «Авто-плюс» ЖК-нде осындай заң бұзушылықтар орын алған.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8

Картамен табу

Байланыс мәліметтері

Управление по инспекции труда Западно-Казахстанской области

Адрес: ЗКО, г.Уральск
пр.Достык-Дружба 188

Тел: +7-7112-50-04-86

Факс: +7-7112-50-04-86

E-mail: enbek@bko.gov.kz

CLOSE
CLOSE