Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Парыз-2017»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Жарлығына сәйкес, жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде конкурс өткізіліп келеді.
«Парыз» конкурсы Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін одан әрі жетілдіру және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатында жүргізіледі.
Конкурсқа шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады және келесі номинациялар бойынша өтеді:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
«Үздік ұжымдық шарт»;
«Экологияға қосқан үлесі үшін».
Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді (сауалнаманы) және құжаттарды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тапсыруға болады.
Қосымша ақпараттарды алу және ұсыну үшін 090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2 үй, 304 бөлме, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (тел.: 51-42-47) мен Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 188 үй, 8 бөлме, еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (тел.: 24-23-76) хабарласуларыңыз қажет.
Сонымен қатар, конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесі және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында http://socio-bko.gov.kz/ жарияланды.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8