Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы

Жаңалықтар айдарында

рисунок

«Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» номинациясының жеңімпазы болып Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Серік Батырұлы Темірғалиев танылды.

2019 жылдың 1 қараша күні Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік сарайында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік жұмысшы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мамандардың беделін арттыру және осы саладағы озық тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырды.

9 номинация бойынша өткен байқауға қатысу үшін барлығы 76 өтінім келіп түсті Номинациялар бойынша жеңімпаздарды республикалық конкурстық комиссия анықтады, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында өткен онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша 3 номинант анықталды.

рисунок

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8