Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жұмыс берушілер мен ата-аналардың назарына: бала еңбегі туралы

Кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезінде олармен міндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Сонымен қатар, орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен, оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен заңды өкілінің жазбаша келісімі бойынша еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Заңнамада он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қарастырылған. Атап айтқанда:
— он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
— он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын;
  • білім беру мекемелерінде оқып жатқан, оқу жылы ішінде оқу мен жұмысты қоса атқару кезінде, он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – күніне 3,5 сағат.
Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі қолданылатын жұмысқа, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартуға жол берілмейді. Сондай-ақ жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді.
Кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші кәмелетке толмаған адамдарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жібергені үшін – елуден екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8