Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу

Жеке және заңды тұлғалардың 2019 жылғы 3 тоқсанда келіп түскен өтініштеріне шолу

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына 2019 жылғы 3 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 573 өтініш келіп түсті, оның ішінде 29 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен, 14 жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау барысында ауызша түсінік берілді.

Олардың басым бөлігі – 490 (98%) жеке тұлғалардың өтініштері, оның ішінде ұжымдық – 70,  және 13 (2%) заңды тұлғалардың өтініштері.

Өтінішпен – 549 (95%), шағыммен –  22  (4%) және басқалар  – 2 (1%) адам жүгінген, қайта түскен – 9 өтініш.

Өтініштердің басым көпшілігі 387 (67%) орыс тілінде, 137 (33%) қазақ  тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде жауап берілді.

Жүгінген 573 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар – 477, мемлекеттік қызметкері – 1, зейнеткерлер – 1, кәсіпорындар мен фирмалар – 14,  мүгедектер – 2,  ұжымдар – 70, көп балалы отбасылар – 1, жұмыссыздар  – 2, шетел азаматтары – 1, адвокаттар  – 4 өтініш білдірген.

Сипаты бойынша: 332 (58%) – еңбекақы төлеу, 161 (28%) – еңбек заңнамасын бұзу,  55 (10%) өтініш – еңбек және халықты жұмыспен қамту,  22 (3%) – өндірістік жарақаттану, 2 (1%) – басқа да мәселелерге жатады.

Ең көп өтініштер жолдау басқармасына облыстық, Орал қаласының және аудандық прокуратуралардан – 95 өтініштер, басқа облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармалардан – 23, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 11, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты – 14, басқа мемлекеттік мекемлер және ұйымдар – 31 өтініштер келіп түскен.

Өтініштер бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы мақсатында Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Басшысының блогы» бөлімі жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 9 айда еңбек қатынастары мәселелері бойынша Басшысының блогына 22 өтініш келіп түсті, олар бойынша тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, ЭҚАБЖ ілеспе хаттары арқылы ұйымдарға еңбек заңнамасының әр түрлі   мәселелері бойынша 75 түсініктеме берілді.

Басқа ауданнан келген келушілерге басқарманың басшылары оларды өтініш берген күні қабылдау үшін, қазіргі кестеге қарамастан, толық мүмкіндіктер жасайды. Тұрғындармен байланыс жасау және өзара іс-қимыл жасау мақсатында басқарма басшысы және басшының орынбасары Бөрлі және Сырым аудандарында еңбек заңнамасын түсіндірумен кездесулер өткізді.

Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс телефондарына  Жеке және заңды тұлғалардан еңбек заңнамасын іске асырудың түрлі мәселелері бойынша ауызша өтініштер келіп түседі, олар бойынша басқарма қызметкерлері ауызша түсініктемелер береді.

Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8