Сайттың мобильді нұсқасы Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ұжымдық шарт жасау бойынша жаднама

Ұйымда еңбек қатынастарын реттейтін көптеген құжаттар бар және ұжымдық шартсыз да жүзеге асыруға болатын сияқты көрінеді. Өйткені, жұмысшылардың еңбек шарты бар! Сонымен қатар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің еңбек және өзге де мүдделерінің оңтайлы үйлестіру келесі мақсаттарға жетуге көмектеседі:

  • қызметкерлермен еңбек қатынастарын тұрақтандыруға;
  • ұйым алдында тұрған міндеттерді шешуде қызметкерлердің уәждемесін арттыруға;
  • қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға жауапты қатынаста материалдық мүдделерін қамтамасыз етуге;
  • жалақы жүйесінің тәртібіне қол жеткізуге;
  • еңбек шығындарын жоспарлау мен басқаруды оңтайландыруға;
  • қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мен материалдық қолдауды қамтамасыз етуге.

Сонымен, Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.

Жұмыс беруші және жұмыскерлер атынан белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдері ұжымдық шарттың тараптары болып табылады.

Ұйымда жұмыскерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде олар комиссия жұмысына қатысу, ұжымдық шартты талқылау және қол қою үшiн бiрыңғай өкiлдi орган құрады.

Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарда өздерінің мүдделерін білдіру үшін кәсіптік одақ органына уәкілеттік беруге құқылы.

Ұжымдық келіссөздерді бастау және ұжымдық шартты жасасу туралы ұсынысты тараптардың кез келгені жасауы мүмкін.

Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күн мерзімде қарауға және келіссөздерге кірісуге міндетті.

Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар бас, салалық және өңірлік келісімдерге сәйкес айқындайды және ҚР Еңбек кодексінің 157 бабында ұжымдық шартқа енгізілетін ережелер көрсетілген.

Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.

Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде, ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды.

Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай ішінде мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға (БҚО, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 188, тел:50-04-86, 24-23-76) ұсынуға мiндеттi.

Сондай-ақ, БҚО Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының ресми сайтында (enbek-bko.gov.kz) ұжымдық шарттың үлгісін таба аласыз.

Атап өту қажет, бұл «ұжымдық шарт» үлгі болып табылады және еңбек қатынастары тараптарының қалауы бойынша кеңейтілуі немесе өзгеруі мүмкін.

  • 1
  • 2
  • акорда
  • 3
  • 6
  • 8